Байқауға республика бойынша 6-10-сынып оқушылары қатысуда. Үміткерлер 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтуы тиіс. Сонымен қатар жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.
«Байқаудың негізгі мақсаты – халық поэзиясына деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру болып табылады және патриотизмге баулу» - дейді «Qazaq Epos» республикалық қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша ұйымдастыру комитетінің жетекшісіНұрдәулет Кенжебай.
Аудандық кезеңініңде жүлде қоры қомақты. Жеңімпаз 150 мың теңге алады. Ал екінші кезеңде мегаполистің үздігі 1 млн. теңгеге қол жеткізеді. Ал оны тәрбиелеген ұстазы 2 млн. теңгені қалтаға басады. Ал жырды жаттап алған балалар рухани бай болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.