Сенбі, 09 Қараша 2019 16:34

Түркістан облысы: «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау өтті

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ең көп оқитын оқырмандар арасында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты облыстық байқау өткізілді.

Ұлт әдебиетінің үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғандарына – 125 және балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оқырмандарды қазақтың ақын – жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, кітап оқуға тәрбиелеу мақсатындағы байқауда үмцткерлер 2 кезең бойынша сайысқа түсті.

І кезең «Әр оқырман-бір әлем»- С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармалары бойынша қатысушы (11-15 жас аралығындағы оқырмандар үшін) үміткерлер қысқаша буктрейлер жасау, - Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан үзінді оқу, көрініс көрсету (7-10 жас аралығындағы оқырмандар үшін), ІІ кезең «Book bingo» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «100 кітап жобасы» бойынша ережедегі ақын-жазушылардың шығармаларындағы үзінділер арқылы кітаптың авторы мен атауын табу (11-15 жас аралығындағы оқырмандар үшін), мектеп бағдарламасы бойынша ақын-жазушылардың шығармаларындағы үзінділер арқылы кітаптың авторы мен атауын табу оқу (7-10 жас аралығындағы оқырмандар үшін).

Созақ ауданынан қатысқан екі жас оқырман - Есенқабыл Аянат (М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы, Бабата ауылы) жүлделі І орынды жеңіп алса, Фазылбек Ақбота (Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы,Шолаққорған ауылы) ынталандыру сыйлығына иемденді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 607 рет