Сейсенбі, 12 Қараша 2019 14:40

Түркістан облысы: Сарыағаштық оқушылар республикалық жарыстан жүлде алды

Түркістан қаласында 6-7 қараша күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және «Жастар жылына» орай дәстүрлі «Ясауитану-2019» республикалық байқауы өтті. 3 кезең, 4 ереже, 7 міндеттен тұратын бұл сайысқа еліміздің 17 өңірінен дарынды оқушылар қатысты. 

Байқау қортындысы бойынша, Сарыағаш ауданынан №7 «Төле би» орта мектебінің оқушысы Алуа Қосабай бас жүлдені жеңіп алса, №61 орта мектеп оқушысы Өмірзақ Туленов І орынды иеленді. Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы мен өмірін, кесенеде жерленген тұлғаларды жастар арасында насихаттап, патриоттық сезімді дамытуға үлес қосып, тарих танымын терең меңгертуге жол ашу бағытында қолға алынған байқаудың тамыры тереңдей түсті. Қалалық деңгейде бастау алған сайыс облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге қол жеткізді. Айта кетерлік жайт, Сарыағаш ауданы 2012 жылдан бастап «Ясауитану» республикалық байқауында 6-шы рет бас жүлдені иеленіп келеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1002 рет