Сенбі, 09 Қараша 2019 23:09

Түркістан облысы: Түлкібас ауданына қарасты Шамшырақ газетінің баспаханасында алғашқы кітаптар басылып шықты

90 жылдық шежірелі тарихы бар Түлкібас аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің шаңырағында мерейлі мереке, қуанышты жайт аталып өтілді. Ол осы редакцияда талай жылдан бері қаламы мен қағазын тастамай әдемі әңгімелермен қатар мағыналы мақалалар жазып жүрген журналист, жазушы Орынтай Көмеков пен ауданның «Бас ақыны» аталып кеткен ақын, Әбдібек Аралбайұлының кітаптарының жарыққа шығып, оқырмандарға жол тартуы болып отыр.

Орынтай Өксікбайұлының алғашқы шығармалар жинағы- «Енді гүлге жоламаспын» деген атаумен басылып шықты. Ақын Әбдібек Аралбайұлының кезекті үшінші кітабы «Ізде мені» деп аталады. Кітап аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің баспаханасында басылып, дизайны жасалып, өңделді. Оған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков демеушілік жасап, мұрындық болды.

Қос ақын мен жазушының қуанышына ортақтасу үшін аудан әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы бастаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, филология ғылымдарының профессоры Мекемтас Мырзахметұлы, Қазақстан журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғ.Елшібай бастаған журналистер қауымы және де бірқатар ақын-жазушы, қаламгерлер қатысты. Олар ыстық лебіздерін білдіріп, авторларға қаламдарының талмауын тіледі. Кітаптың тұсаукесер тойында ақын Әбдібек Аралбайұлы елі мен жеріне деген алғысын әдемі өлеңіне жырға қосып, аудан басшысына үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 732 рет