Жексенбі, 10 Қараша 2019 13:36

Түркістан облысы: Келесте білім саласы бойынша екі нысанның құрылысы жүргізілуде

Келес ауданы әкімдігіне қарасты Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов БАҚ өкілдеріне бөлімнің ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының есібін берді.

Бөлімнің негізгі бағыттары бойынша мағлұматтарға сүйенсек: құрылыс саласы бойынша аудан аумағында облыстық бюджет есебінен 2019 жылға білім саласында екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда: Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елдімекеніндегі Әлібекұлы атындағы мектебіне 300 орындық оқу корпусы, спорт және акт залдары, асхана, шеберхана құрылысы. Нысан 2018 жылдан 2019 жылға өтпелі. Мердігер «Құрылыс Т.А.» ЖШС. Нысан 2019 жылдың қараша айында іске қосылуы жоспарланған. Екіншісі: Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елдімекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы. Нысанның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталды. Нысан 2019 жылдан 2021 жылға өтпелі. Бүгінде нысанның іргетасын орнату жұмыстары жүргізілуде екен. Мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС.

Бүгінгі таңда ауданда актуал тақырып болып келе жатқан Ақтөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі 300 орындық №91 М.Горький атындағы мектептің құрылысы бойынша Келес ауданының әкімі А.Есбаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған нысанды Келес ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанның құрылысын әрі қарай жүргізу мақсатында, облыстық құрылыс басқармасына қаржы қарастыруға хат және бюджеттік өтінім жолданған. (Ескертпе; 2017-2018-2019 ж.ж. құрылысқа қаралған қаржы, Сарыағаш ауданының бюджетінде болған.) Ал, жобалық сметалық құжаттары дайын болып, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға, облыстық сала басқармаларына ұсынылыған жобалардың саны 9 құрайды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 575 рет