Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 20:15

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Аналар кеңесі» психологиялық тренинг өткізді

Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде 9-11-ші сынып оқушылар арасында «Өмірге деген құштарлығым – өз қолымда» атты психологиялық тренинг болып өтті. 

Іс-шараға аудандық аурухананың дәрігер-гинекологы, аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы А.Ш.Күзембаева, кеңес мүшелері, «Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығының» психолог маманы, мектеп психологтары, 9-11-ші сынып оқушылары қатысты.

Мұндағы мақсат түсінікті. Жасөспірімдер мен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларының арасында өмірдегі кездесетін қиыншылықтарға ешқашан мойымай, жалпы өмірге деген құштарлықты әрдайым шынықтыру. Осы мақсатта мектеп оқушыларына өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, түсіндіру жұмыстары толықтай жүргізілді.

Жалпы, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, бір-біріне зорлық-зомбылық көрсету, құқықбұзушылық оқиғаларының жиілеп кеткені жасырын емес. Осындай келеңсіздіктердің алдын алуда мұндай психологиялық тренингтердің берер пайдасы мол.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 574 рет