Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 01:06

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының мектептері Президент Жолдауын жүзеге асыруда белсенділік танытуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға басымдық берді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын алға тартып, шалғай аймақтарда оқыту жүйесін жетілдіруді міндеттеді. Бәйдібек ауданындағы «Досан» негізгі орта мектебінің мамандары құнды құжатты жүзеге асыруға атсалысуда. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, ауыл жастарын жаңартылған білім мазмұнымен оқытуды қолға алды.

«Досан» негізгі орта мектебінің ұжымы ел Президентінің халыққа арналған Жолдауын үлкен ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы маңызды құжатта орта білімнің сапасын көтеруді тапсырды. Оқу-ағарту саласының бүгінгі күн талаптарына толықтай сай болуын міндеттеді. Бұл тұрғыда ұстаздар қауымына артылар жүк күшейгенмен, мемлекет тарапынан оларға жасалған қамқорлық та жыл санап артып келеді. «Жолдауда білім сапасын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөлінген. Әсіресе ауыл жастарын қолдау, мұндағы кадрлардың біліктілігін арттыру жолдары айтылған. Алдағы қаңтардан бастап күшіне енетін «Педагог мәртебесі туралы» заң да білім саласындағы бірқатар проблемалардың шешілуіне ықпал етеді деп сенгіміз келеді» - дейді «Досан» негізгі орта мектебінің директоры Талғат Әкімбаев.

Динара Рахыметова Кентау қаласында туылған. Жас маман мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіпті. Нұр-сұлтан қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық білім ордасын бітірген педагог, Президен тапсырмасы аясында ауыл балаларын оқытудың жаңа жүйесін қолға алды. «Елбасының ауылға бағдарламасы аясында осында келдім. Алға қойған мақсатым, ауыл жастарын қолдау. Өзімнің оқып-үйренгенімді, тәжрибемді осы жастармен бөлісу» - дейді ол.Айта кетейік, «Бестоғай» ауылында аудан бюджеті есебінен 100 орындық мектептің сметалық құны бағаланды. Бұйыртса 2020 жылы типтік үлгіде жаңа білім ұясын салу жоспарлануда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 669 рет