Сейсенбі, 19 Қараша 2019 12:05

Түркістан облысы: Келес ауданында студенттер мерекесі аталып өтті

17 қараша – Халықаралық студенттер Күні. Осы мерекені жоғары деңгейде атап өту үшін Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен студенттердің көңілін көтеру, аталмыш мерекені кең көлемде атап өту, жастардың бойына білімді, өнерді, мәдениеттілікті қалыптастыра отырып еліміздің болашағы жастар екенін ұғындыру мақсатында "Қызықты көңіл студенттік өмір" атты іс-шара ұйымдастырылды. 

Айтулы іс-шарада колледждің көрмелері қойылып, жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара барысында 2019 жыл "Жастар жылына" орай және студенттер күніне орай аймақтық спорттың волейбол және кіші футбол түрінен жарыс ұйымдастарылды. Атаулы жарысқа Сарыағаш ауданының колледждерінен командалар келіп, бақ сынасты. Жарыс аяқталған соң колледж студенттеріне арналып мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертте жастардың бірқатары ән айтса, енді бірі би билеп, жайдарман ойындарын ойнап, салмақты да әдемі әзілдерімен жиналған студенттерді және ұстаздарды мерекесімен құттықтады. Іс-шара соңында колледж ұжымы және студенттер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 578 рет