Сейсенбі, 12 Қараша 2019 22:40

Түркістан қаласының әкімі мектеп директорларының қаржы жинауына қарсы

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бүгінде білім ошақтарында ақша жинауға қатысты көптеген арыз-шағымдар түсіп жатқанын жазды. Осы мәселеге орай, әлеуметтік желі арқылы өзіне тікелей жазуға болатынын жеткізді. 

Түркістан қаласындағы мектеп мұғалімдерінің назарын аударған ол: «Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы қаржы жинау бойынша көп арыз-шағым түсуде.

Сіздермен келіскендей, әкімшілік тарапынан немесе білім бөлімі тарапынан мектеп директоры қаржы жинау туралы тапсырма берсе, маған тікелей жазыңыздар. Біздің тарапымыздан қаржы жинау бойынша тапсырма болмайды, өтірік ақпарат беруі мүмкін. Еліміздің болашағы мектептен басталады, білім ордасында сыбайлас жемқорлықты тоқтатайық. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментімен келісе отырып арнайы бағдарламаларды енгізіп жатырмыз. Яғни балабақшаға баланы беру, баланы мектепке орналастыру, мектепке жұмысқа тұруды толық цифрландырудамыз» - дейді өз жазбасында.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 618 рет