Бейсенбі, 14 Қараша 2019 14:38

Түркістан облысы: Мобильді топ – Кентау қаласының Оранғай ауылында

«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде болды. 

Ондағы Төрткүлтөбе жалпы орта мектебі мен М.Әуезов жалпы орта мектебінде, сонымен қатар М.Қазыбеков жалпы орта мектебінде ерте жүктіліктің алдын алу, ЖИТС-тің алдын алу, отбасын дұрыс жоспарлау, аутодеструктивті мінез-құлықты жастарды анықтау, құқықбұзушылық пен тәуелділіктің алдын алу, діни экстремизмнің алдын алу және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды («Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050», «Болашақ», «Әлем-білім», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Дипломмен – ауылға», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «7-20-25», т.б. бағдарламаларын) кеңінен таныстырды. «Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері жастармен кең көлемде түсіндірме жұмысын жүргізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 741 рет