Жексенбі, 17 Қараша 2019 11:19

Түркістан облысы: Төлеби ауданында ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмысты тиімді әрі қолжетімді іске асыру үшін сабақтарды бірлесе жоспарлап және өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдап, талқылап отыру қажет.

Осы мақсатта, Төлеби ауданындағы Төлеби жалпы орта білім беретін мектеп базасында жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерімен «Оқыту үдерісінде оқушы әрекетін зерттеуді «Lesson Study» әдісі арқылы үйрену» тақырыбында аудандық оқыту семинары өткенін айта кетейік. «Lesson Study» семинарының мақсаты мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және оқушыларға білім беру әдістерін жетілдіру болып табылады.

Аталмыш семинарда дәрістер шебер сыныптары, коучинг, вебинар тәсілдері арқылы оқытылды. Мұғалімдер бір-бірімен ашық диалог құру арқылы өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты. Бұл семинар өз кезегінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үлкен жәрдемі тиетіні сөзсіз.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 612 рет