Сәрсенбі, 04 Желтоқсан 2019 14:35

Түркістан: созақтық мұғалім оқулықтар жазуда

Оқулық жазу оңай шаруа емес екендігі белгілі. Әсіресе, техникалық терминдерді қазақшаға аударып, оны түсінікті тілмен жазып шығу қиынның қиыны. Алайда, Созақ ауданы, «Созақ» мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бұл іске батыл қадам жасаған. Оның білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 4, 9, 10 сыныптар үшін қазақ тілінде жазған информатика оқулықтары бүгінде бүкіл еліміздің мектептерінде қолдануда.

Информатика- өте күрделі сала. Алайда  қазақ мектептеріндегі    бұл пәнге қызығатын оқушылар  аз емес.   Бірақ,    оқушылар мен мұғалімдерге,  тіпті, студенттерге арналған қазақ тіліндегі программалауға бағыттайтын  оқулық жоқ. Ал көптеген балалар  информатика пәнінен олимпиадаға  барғысы келеді. Не істемек керек?  Міне, көптен бері осындай ой жетігінде жүрген ауыл мұғалімі «Алматыкітап» баспасымен келісе отырып, күрделі оқулықтар жазып шыққан.

Тағы бір ерекшелік, ауыл мұғалімінің қазақша жазған оқулықтары қазір орыс тіліне де аударылып, оны  Қазақстандағы орыс сыныптары 100 пайыз оқуда.  Ал, 7, 8, 9, 10 сыныптарға арнап жазылған   информатика оқулығыммен Қазақстанның барлық облыстарындағы оқушылар білім алуда. Бұл білім ордасында оқитын    оқушылардың деңгейі қала деңгейінен кем емес.   Олар аудан мен  облыстан бөлек республикалық олимпиадалар мен байқауларда да топ жарып жүр. Егер мұғалім ерінбей еңбек етсе өзі де, шәкірті де зор жетістіктерге жетері анық. Бұл біздің асыл мұратымыз дейді ауыл мұғалімі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 650 рет