Сейсенбі, 26 Қараша 2019 12:58

Түркістан облысында "Жастар еріктілік басқару" оқу-лагері өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті. Шараға 200-ге жуық еріктілер ұйымының көшбасшылары жиналды. 

Шара биылғы «Жастар жылын» қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – «Еріктілер жылын» қолдау аясында өткізілді. Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымының көшбасшылары жиналды. Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс істей білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды. Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч Арслан Рамазанов, Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері Людмила Бурлаченко келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. «ЖАСТАР ЕРІКТІЛІК БАСҚАРУ» тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 730 рет