Оқушылар тарабы болса компьютермен, болмағандары смартфон арқылы байланыс орнатты. Мұнда аталған сайтпен 30 минут бойы дәріс оқылды. Интернет арқылы дегені болмаса мектептегідей дәстүрлі сабақ мазмұндары айтылды. Өзгешелігі мұғалім география пәніне қатысты карталар мен алдын ала жасалған слайдты сайт жүйесіне орнатып қойған. Оқушылар қажет болған жағдайда кіріп көре алады. Сабақты түсінген немесе түсінбегенін ватсап мессенжері арқылы кері байланыста талқылау қарастырылған. Сайттың артықшылығы оқытушылар мен оқушылар сабақ жүргізілген 30 минут бойы тегін қызмет ала алады.
Айта кетейік, әлем жұртын алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты еліміздегі білім ошақтары 6-сәуірден бастап толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Мектеп бағдарламасындағы сабақтарын өз үйлерінде онлайн режим бойынша 2 ауысымда (8.30 да мектеп алды даярлық тобы және 1-9 сынып оқушылары, 14.00 де 10-11 сынып оқушылары) оқитын болады.