Мәселен, тұрғындар қаланың шеткі шағын аудандарында интернеттің жылдамдығы төмен екенін, үйде компьютері мен интернеті жоқ отбасылар аз еместігін айтып шағымдануда. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін бұл өте өзекті мәселе. Орта мектептерде қашықтан оқыту басталғанда бұл отбасылардың балаларының жағдайы қалай болады деген сауалға Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Омарова жауап берді.
— Қашықтан оқыту кезінде үйде интернет болмаған жағдайда «Балапан» телеарнасы арқылы сабақ өткізілуде. Сондай-ақ, офлайн режимде телефонмен Whatsapp месенджері арқылы да мұғаліммен байланысып, тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бар. Өз пән мұғалімдеріңізбен хабарласып, телеарна арқылы білім алатыныңызды ескертуіңіз қажет, - деді М.Омарова.Мұнан бөлек Шымкент қалалық білім басқармасының call-орталығының 39-49-26 телефонына хабарласып, балаңыз қай мектепте оқитыны жөнінде мәлімет берсеңіз, басқарма аталған мәселе бойынша оң шешім қабылдауға ықпал етеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»