Жексенбі, 05 Сәуір 2020 15:53

Шымкент: 213 білім беру ұйымы қашықтан оқыту форматына ауысуда

222 мың оқушы 6 сәуірде басталатын IV тоқсанда республикалық және жергілікті арналар мен интернет платформаларының көмегімен білім алады.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева онлайн білім беру жүйесіне қатысты мәселелер толық шешімін табатынын айтты.

- Қолжетімді платформаларда онлайн сабақтар өткізу 214 613 (96,7%) оқушыны құрайды. Электронды журнал Kundelik және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс орнатылады. «Балапан» және «Еларна» телеарналар арқылы 7 424 (3,3%) оқушы қамтылады. Бұдан бөлек жергілікті арналар онлайн дәрістерді қайталап береді. Сонымен қатар, жергілікті телеарналары арқылы бейне сабақтарды қайталап көрсету жұмыстары ұйымдастырылады, - деді Жанат Арысбекқызы.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 510 рет