Жұма, 17 Сәуір 2020 11:10

Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық жұмыс істейді

Түркістанда қашықтықтан оқыту бойынша call орталық қарастырылған. Осы уақытқа дейін 20 қоңырау шалынып, 6 отбасына өз өтініштері бойынша мектептен уақытша компьютер берілді. 3 жанұя демеушілер тарапынан интернет трафигіне қосылды.Жалпы, қашықтықтан оқыту бойынша 312 мұғалімге және 452 оқушыға уақытша пайдалануға мектептен компьютер берілді.

Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 5-8 және 10-сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшу емтихандары, 9, 11-сыныптарда аттестаттау өткізілмейді. Сондай-ақ, қорытынды аттестаттау жылдық бағалар нәтижесімен ғана шығады.

Ал, Түркістан облысында шалғай ауылдарда ғаламтор желісі сапасының тиісті деңгейде болмауына байланысты онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды. Осыған байланысты қашықтықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінгі күні білім берудің жаңа жобасына байланысты дайындық жұмыстары қызу түрде жүргізілуде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 619 рет