Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 11:22

Шымкент: Қауіпсіздік сабағы қашықтықтан өткізілді

Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Әл-Фараби ауданының төтенше жағдай бөлімінің маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрдәулет Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларына онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді. 

Сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды. Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысты.

«Қашан да ел тұтастығын құраушы адам өмірі мен оның денсаулығы басты назарда екені белгілі. Сол себепті қарапайым халық пен оның әрбір мүшесі өз өмірінің қауіпсіздігін басты назарда ұстауы – міндет. Төтеншеліктердің де көздегені – осы. Бүгінгідей ауа райы құбылғанда жылыту пештерін қосқан азаматтардың қарапайым талап мен тәртіпті сақтауын қадағалау. Түсіндірме жұмыстарын мүмкіндігінше жүйелі жүргізіп отыру» – дейді Жанат Тәжиева.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 603 рет