Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187640 (84,5%) оқушы Республикалық «Балапан» және «Еларна»телеарналары арқылы білім алуда. Жергілікті телеарналар арқылы бейне сабақтарды көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» сияқты интернет платформаларын 118740 (53,7%) оқушы қолдануда. Білім беру ошақтарында онлайн сабақтарды «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы - 15954 (7,2%) білім алушы тиімді пайдаланған.
Сонымен қатар «WhatsApp» мессенжері арқылы барлық мұғалімдер оқушылармен кері байланысқа шығып, «Күнделік», «Ай мектеп» электронды журналдарында бақылануда. Нәтижесінде, 166 мектептің «Күнделік» электронды журналына кіруі - 93,5 %, 6 мектеп бойынша «Ай мектепті» қолдану көрсеткіші - 61,8%-ды құрады.
Қаладағы 30364 аз қамтылған отбасы балаларының ішіндегі компьютерді қажет ететін 17616 оқушыға мектептердегі компьютерді уақытша пайдалануға беріп, интернет мәселесі білім ұйымдарындағы қаржы есебінен шешімін тапқан. Оқушылардың 96,7%-ы әртүрлі мобильді байланыс арқылы интернетке қосылған. Ол - 214613 оқушы. Қала мектептеріндегі барлық 17253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісін қамтамасыз етілген. Білім басқармасы тарапынан бір көзден сатып алу жүйесінде 2 250,0 млн. тг. қаржыға 9000 компьютер сатып алу жұмыстары жедел қарастырылып жатыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.