Сенбі, 02 Мамыр 2020 12:49

Түркістан: Ресейде оқып жүрген студенттер елге оралуда

Ресей Федерациясында білім алып жүрген Түркістан облысының студенттері елге оралуда,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тексеруден өткен жастарды азық-түлікпен және көлікпен қамтамасыз етуде Түркістан облысы әкімдігі мұрындық болуда. Осы игі бастама арқасында соңғы аптада 30-ға жуық студент Қазақстанға келіп үлгерген.
Бүгінде «COVID-19» вирусының таралуын болдырмау мақсатында оның 11-і Шығыс Қазақстан облысы, 11-і Павлодар, 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысы және 2-еуі Қостанай облысында оқшауланып, медициналық тексеруден өткізілуде. Әзірге 10 студенттің медициналық тексеру қорытындысы шығып, олардың індеттен таза екені белгілі болған. Қазіргі таңда толық тексеруден өткен студенттер Түркістан облысындағы өз үйлеріне жіберілген.
Мамандар жалпы Ресейде қазақстандық мыңдаған студент білім алып жүргенін айтады. Барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отыра, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту нысандары, сән салондары, шаштараз нысандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 600 рет