Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 23:37

Түркістандық ұстаз Президенттің және қала әкімінің атынан марапатталды

Түркістандық ұстазға қала басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және өзінің атынан алғыс хат табыстады,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласының әкімі  Рашид Аюпов 40 жыл білім саласында еңбек етіп, бала тәрбиесіне білім нәрін құюда еселі тер төккен Жанатсұлу Сағдуллаеваға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және өзінің атынан алғыс хат табыстап, құттықтады.

құрметті демалысқа шыққан Ж. Мырзахметқызына қала басшысы білім саласындағы елеулі еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ж. Мырзахметқызы шаһардағы бірқатар білім ошақтарында кітапханашы, пән мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры қызметтерін атқарған.

Қала жастарының білікті маман болып қалыптасуына қосқан елеулі еңбегі үшін құрмет көрсеткен Рашид Аюпов, алда қаланың білім саласы бойынша дамуында еңбек еткен зейнеткер мұғалімдер үшін "Қоғамдық бірлестік" құруды "Адами капиталды дамыту" бөліміне тапсырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 604 рет