Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 23:46

Түркістанда биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 114

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте күн тәртібінде қаралған алғашқы тақырып- ҰБТ-ға дайындық барысын талдау мәселелері және балалардың 2020 жылғы жазғы сауықтыру демалыстарын өткізу туралы болды.

Күн тәртібіндегі алғашқы тақырып бойынша адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекованың мәлімдеуінше ҰБТ-ға дайындық барысы 2019-2020 оқу жылында бөлімге қарасты жалпы орта білім беретін мектептердегі 1507 оқушы бітірсе, оның ішінде қазақ, орыс бөлімінде – 1115 оқушы (қазақ бөлімінде – 915, орыс бөлімінде – 200), өзбек бөлімінде – 392 оқушы бар. Биылғы ҰБТ-ға қаладағы 32 мектептен 1150 бітіруші түлектердің қазақ, орыс бөлімінде – 962 оқушы (қазақ бөлімінде – 778, орыс бөлімінде – 184), өзбек бөлімінде – 188 оқушы қатысса, оның 1150 оқушының 965-і қазақ тілінде, 185-і орыс тілінде тапсырады.

Биылғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 114, оның ішінде қазақ бөлімінен – 72 оқушы, орыс бөлімінен – 17 оқушы, өзбек бөлімінен – 25 оқушыны құрап отыр. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 46, оның ішінде қазақ бөлімінен – 29 оқушы, орыс бөлімінен – 5 оқушы, өзбек бөлімінен – 12 оқушы. ҰБТ-ға қатысу үшін 1062 оқушының өтініштерін онлайн режимде ағымдағы жылдың 15 сәуір – 10 мамыр аралығында ent2020.testcenter.kz сайтында қабылданып, өтініш берудің жаңа форматы құжаттарды қағаз тасығышта ұсыну қажеттілігінен арылтқан.

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдың IV тоқсанында қашықтықтан оқыту барысында мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге testcenter.kz, itest.kz, daryn.online платформалары, Youtube, ONTUSTIK және онлайн дайындық орталықтары арқылы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанына тоқталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 580 рет