Білім ошағының іргетасы 1939 жылы қаланған. Кейіннен 1991 жылы жаспарлас ғимарат бой көтеріп, мектеп кеңейе түскен. 1200 орындық білім ордасында бүгінде «Югстрой сервис-Н» құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен қатар, білім ошағында жиһаздар мен оқушы парталары да жаңартылады. Сондықтан, Мұрат Дүйсенбекұлы мұндағы парталардың қолданысқа жарайтынын қажеттілігі бар өзге мектептерге беруді тапсырды.
Қала әкімі бұдан кейін №13 «Ертөстік» балабақшасына барды. Іргетасы 1939 жылы қаланған бөбекжай 310 орынға арналған. Бүгінгі күнде әбден тозығы жеткен ескі ғимаратқа «KazIntelGroup» ЖШС күрделі жөндеуді жүргізіп жатыр. Мердігер жоспарланған кестеге сәйкес, бөбекжайдағы құрылыс жұмыстарын тамыз айында бітіруі керек.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»