Сол себепті қазынадан қаржы бөлініп, бүгінде білім ошағына жапсарлас 300 орындық ғимарат салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Өмірзақ» құрылыс компаниясы нысанды тамыз айында тапсырмақ. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мұнда екі ауысыммен оқи бастайды. Мұнан кейін қала әкімі Максим Горький атындағы №12 жалпы орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 915 орындық білім ошағының қабырғасы 1984 жылы қаланған. Көлемі 2624 шаршы метрден асатын 3 қабатты мектепте «Лидер НК» мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба құны 252 миллион теңгені құрайды. Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары жоспар бойынша тамызда бітуі керек.
Шаһар басшысы Майлықожа көшесінің бойына орналасқан 280 орындық «Алтын дән» балабақшасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бүгінде бөбекжайды «KazIntelGroup» құрылыс компаниясы күрделі жөндеуден өткізуде. Айта кету қажет, ғимаратты жөндеу жұмыстары тамыз айына жоспарланған. «Биыл қалада 6 балабақша мен 7 мектептің күрделі жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қаралған. Сонымен қатар, бір мектептен тыс мекемемен бір колледж ғимараты да биыл жөнделеді. Бұдан бөлек 17 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді. Тағы 24 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның жетеуін келесі жылы жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасайтын боламыз»- дейді қала әкімі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»