Жұма, 28 Тамыз 2020 19:14

Шымкентте мамандандырылған IT лицей-интернаты ашылады

Шымкентте білім саласындағы инфрақұрылымды және цифрландыруды дамытуда бірқатар жобалар іске асуда, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

Шымкентте білім саласындағы инфрақұрылымды және цифрландыруды дамытуда бірқатар жобалар іске асуда Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бүгін онлайн форматта өткен тамыз кеңесінде білім саласындағы инфрақұрылымды және цифрландыруды дамыту мақсатында жүзеге асырылатын жобалар жайында мәлімдеді. Сондай-ақ, Шымкентте мамандандырылған IT лицей мектебінің ашылатынын жеткізді.

Осылайша, қалада жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ, 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты алдағы уақытта 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарланып отырғанын хабарлады.

Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім беретін болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 622 рет