Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты.
Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу.
Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен танысып, халықаралық ғылыми жобалардың және республикалық олимпиадалар жүлдегерлерін марапаттады.
Олардың қатарында Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен онлайн форматтағы іс-шараларда бірінші орын алған 134 оқу орнының оқушылары бар.
Сондай-ақ, іс-шара кезінде жеткіншектер өз өнерлерін көрсетіп, концерттік нөмір ұйымдастырды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат