Жастар ресурстық орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы директоры, мемлекеттік органдар басшылары, Академияның жас мемлекеттік қызметшілер, орталық мамандары және түлектердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік жүйеде маңызды механизм, соның арқасында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру қалыптасады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет ашықтық, құзыреттілік, әдептілік, тиімділік, Қазақстан азаматтарының сұраныстарына бағдарлану сияқты негіздерде құрылады.Дөңгелек үстелде еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмыс мәселелерін талқылады.
Кездесуде академия филиалы адам ресурстарының сапасын жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің білімін, дағдылары мен іскерлігін үздіксіз арттыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігін атап өтті.
Академия түлектері академияда оқудың артықшылықтары туралы атап өтті. Атап айтқанда, кәсіби және жеке құзыреттерін арттыру, халықаралық тағылымдамадан өту, білім алу және 2 дипломдық білім беру, оқу кезеңінде жұмыс орны мен лауазымын сақтау. Мемлекеттік қызметшінің санасын өзгертетін және көшбасшылық қасиеттері мен болашақ құзыретін дамытатын оқытудың қысқа мерзімді практикалық-бағдарлы бағдарламаларын әзірлеу, ұйымдастыру және жылжыту.
Одан соң жастар жас актер Олжас Мұсабековпен кездесті. Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актеры Олжас Мұсабековпен жастар кездесті.
Олжас Мұсабеков өзінің шығармашылығы жайында және жетістікке жету жолын талқылап, өмір жолында өткен қызықтарымен студент жастарға бөлісті.Кездесудің мақсаты: еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру. Отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Айта кетейік, Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде. Кеңес отырысының қорытындысында қала әкім жастармен айына бір рет кездесіп отыратын болып шешім қабылданды. Шымкентте 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрады.
"AQ-QARA.KZ"-ақпарат