Түркістан қаласындағы NIS Зияткерлік оқу ордасында Сарыағаш ауданының №5, №32 Қасым Аманжолов атындағы, №60 жалпы орта мектептерінің директорлары мен орынбасарлары келіп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік кейстерімен тәжірибе алмасуда арнайы меморандум орнатты.
Басқосу мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі ғылыми және тәрбие жобаларының ұйымдастырылуы, оқу процесін жақсартуда қолданылатын білім ресурстары мен жалпы білім беру бағдарламасындағы (NIS Programme) үздік кейстермен тәжірибе алмасу болып табылады. Айта кетейік, аталмыш кездесуді өткізуге Сарыағаш ауданының мектеп директорлары ниет білдірген еді.
Жиын барысы мектеп бойынша экскурсиялық турдан кейін, тәжірибе алмасу алаңындағы отырысқа ұласты. Басқосуда мектептің миссиясынан бастап, құндылықтар, білім беру бағдарламасы (NIS Programme), оқу процесінің қалай өтетіндігі жайында мектеп басшысы Балқан Касимовтың барлық ақпаратпен қамтып өтті. Директор оқу процесіндегі күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша өткізілетін оқушылардың оқу сауаттылығын мен математикалық сауаттылық және жазылым дағдысын арттыруда өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қабілетін қалыптасыратын таңғы жиындар мақсатына тоқталып, сарыағаштық мектеп директорларына оны өткізудегі маңызын айшықтап өтті.
Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тәрбие жобалары таныстырылып, зияткерлерді пәндік олимпиадаларға және ғылыми жобаларға дайындау барысы жайлы да мектеп ұстаздары өз тәжірибесімен бөлісті.
Сарыағаш ауданының мектеп директорлары білім сапасын арттыру, оқу бағдарламасы мен жоспарларын дайындауда және өз мектептерінің педагог мамандарының кәсіби біліктілігін нығайтуда NIS-тің жобалары өз септігін тигізеді деп отыр.