Сенбі, 25 Тамыз 2018 19:39

Түркістан қаласында «Мектепке жол» басталды

Жаңа оқу жылы қарсаңында көші-қон ісімен бәйек болып жүрген түркістандықтар да қарбалас. Облыс орталығында «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталмыш шара аясында биыл шаһарда 1361 оқушы мектепке қажетті заттармен қамтылатын болады. Олардың 900-іне демеушілер есебінен көмек көрсетілсе, қалғаны мемлекет тарапынан көмек алады. 

Жалпы, Түркістанда биыл «Мектепке жол» акциясын өткізу үшін бюджеттен 18 млн. 460 мың теңге жұмсалған. Оған 461 оқушының керек-жарағы түгенделді. Қалғаны қаладағы жаны жомарт жандар есебінен қамтамасыз етіліп жатыр. Бір қуантарлығы, акцияға атсалысушылар жылдағыдан арта түсуде. Мәселен, былтыр қалада демеушілер есебінен 700 оқушы қамтамасыз етілсе, биылғы бала саны 900-ге жеткен.

«Санаулы күндерден кейін барлық білім ошақтарында күміс қоңырау үні естіледі. Түркістандағы «Мектепке жол» акциясы сабақ басталғанына қарамастан, қыркүйек айының алғашқы он күндігіне дейін жалғаспақ» дейді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1063 рет