Түркістан облысында өткен 2024-25 оқу жылында 1093 мектеп қызмет атқарды. Оның ішінде 922-сі – мемлекеттік (84%), 171-і – жекеменшік. Биыл «Келешек мектептері» жобасы мен жаңа құрылыстар есебінен мемлекеттік мектептер саны 13-ке артып, 935-ке жетеді. Жаңа оқу жылында жобамен 1-11 сыныптарда 568 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтіліп отыр. 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған болса, бүгінгі таңда 32 893 оқушы қабылданды. Облыстағы білім ұяларының жаңа ооқу жылына дайындығы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.