«Мектепке жол» акциясына 2,6 миллиард теңге бөлінді
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Түркістанқаласындағыіргеліжоғарыоқуорны, тәуелсіздіктіңқұрдасы – ҚожаАхметЯсауиатындағыХалықаралыққазақ-түрікуниверситетіндедәстүрлі «Aq Jol, Yasawi túlegi – 2025» аттыүздікжәнебелсендібітірушітүлектердісалтанаттымарапаттаурәсіміөтті.
Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы негізінде құрылған білім ордасы алғашқы түлектерін 1995 жылы үлкен өмірге жолдаған болатын. 2024-2025 оқу жылында университетті 1800-ден астам жас маман тәмамдады.
Салтанатты рәсімде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, университет ректоры Жанар Темірбекова, ректордың өкілі м.а. Наджи Генч, ҚР Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы, 1996 жылғы түлегі – Айжан Көлбаева, Стамбул қаласындағы AcademyUs Art and Education және Kam-Us баспаларының негізін қалаушы, 2004 жылғы түлек – Айдемир Гүлтекин және өзге де зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдар мен мекеме басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, ата-аналар мен университет түлектері қатысты.
Рәсім барысында үздік және белсенді 300 студентке дипломдар табысталды. Олардың ішінде оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан жастар да бар. Университеттің «Ең үздік 30 түлегіне» дипломдарды ректор Жанар Темірбекова мен ректордың өкілі м.а. Наджи Генч арнайы табыстап, жылы лебізін білдірді.
Шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің сертификаттары табысталды. Сертификатты агенттіктің облыстағы басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абылайхан Наурызбаев салтанатты түрде тапсырды.
Кеш университет қабырғасында алған білімдерімен қатар, оқу орнының абыройын асқақтатқан белсенділерді ұлықтаумен ерекшеленді.
Мерекелік атмосфера концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған Қазақстанның танымал эстрада жұлдызы Дастан Оразбек өнер көрсетіп, жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан өңірінде мектеп бітіруші түлектердің аттестат тапсыру шараларына бақылау күшейтіледі. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Түркістан облысында 2025-2027 жылдары аралығында 115 мектепті жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде Ордабасы ауданында 5 мектепті реновация тізіміне енгізілген. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, екі мектептің құрылысын бақылады.
Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы білім беру ұйымдарында балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында оқу-семинар ұйымдастырылды.
Бүгін Түркістанда Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Түркі өркениетінің ескерткіштері: зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері» тақырыбындағы II Халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы басталды.
Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда.