Түркістан: оқушылар арасында «Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж өтті
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейі Отбасы күніне орай «Отбасы -тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында 6-шы сынып оқушылар арасында челленджі ұйымдастырды.
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейі Отбасы күніне орай «Отбасы -тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында 6-шы сынып оқушылар арасында челленджі ұйымдастырды.
Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты білім мекемелерінің мұғалімдері және оқушылары арасында «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында онкүндік өтілуде. Онкүндіктің ашылу салтанаты С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, өтілетін шаралардың жоспары таныстырылды.
Түркістандық ұстаздар мен оқушылар тағы бір игілікті шаралардың куәсі болды. Түркістан қаласының білім бөлімі Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасымен бірге Халық қаhарманы, Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжын Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ауқымды шаралар ұйымдастырып, майдандағы ерлігімен қатар Рейхстагқа ту тіккенімен ел есінде мәңгі қалған батырды еске алды. Салтанатты шара барысында оқушыларға Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі таныстырылып, концерттік бағдарламалар мен сахналық қойылымдар ұсынылды.
Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытатын, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз пікірі мен ұстанымын ашық жеткізуге мүмкіндік беретін, лидерлік қасиеттерін дамытуды мақсат еткен Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауының нәтижесінде өткен пікірсайыс турнирі де өз нәтижесін көрсетті.
Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен 9-10 сынып оқушылары арасында бөлімге қарасты Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің базасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің білім алушылары 2024-2025 оқу жылында оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Kitap time-2024» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Түркістан қалалық орталық кітапханасында «Кітап - патшалығына саяхат» атты Ашық есік күні өтті.
Бүгін Түркістан қаласындағы 34 мемлекеттік, 43 жекеменшік мектепте оқушылар жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. «Білім күні» мерекесінде барлық мектептерде салтанатты шара ұйымдастырылып, 1 және 11-сынып оқушылары ұстаздарымен жүздесті.