Созақ ауданындағы барлық білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылды
Созақ ауданындағы барлық білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, 2024-2025 оқу жылы өз мәресіне жетті. Аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.