Созақ ауданының орталығында жаңа кітапхананың құрылысы басталды

Аудан орталығында мәдениеттің маңызды ордасына айналатын жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Заманауи талаптарға сай жабдықталатын кітапханада оқу залдары, ақпараттық ресурстар орталығы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бөлімдер қарастырылған.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Отырар ауданы: Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жылдығына орай Фараби оқулары байқауы өтті

Биыл еліміз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз ұлы ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, киелі Отырар өңірінен шыққан ұлы тұлға Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жыл. Осыған орай Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Ұлы ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Адамзаттың ұлы ұстазы» атты облыстық Фараби оқулары байқауы болып өтті.

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «ЭтноQuiz: Қазақстанның мәдени әртүрлілігіне саяхат» тақырыбында интеллектуалды іс-шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты — қатысушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, командалық рухты дамыту және достық пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту.

ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бірлік пен бейбітшілікке толы 30 жыл» атты кітап көрмесі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындап, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы атқарылған жұмыстарды таныстырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 115 МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында білім саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім сапасын көтеруге жағдай жасалуда. Осы ретте мектептерді жаңғырту жобасына Түркістан облысынан 115 мектеп енгізілген. 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және асхана, кітапхана, спорт зал, сынып бөлмелерін жабдықтау, қауіпсіздік жүйесімен, пән кабинеттерімен, жиһаздармен қамтамасыз етуге болжаммен 64,3 млрд. теңге қаржы қажет екені анықталған.

Түркістан облысында 107 білім беру мекемесінің жылыту жүйесі газға ауыстырылды

Түркістан облысында білім саласын дамыту, білім мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту, мектеп тапшылығын жою бағытында жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жұмыстар баяндалып, кемшіліктер де айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.