Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірдегі этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасауға бағытталған мерекелік шара қонақтардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуімен басталып, өзбек этномәдени бірлестігінің қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдары және ақын-жазушылардың таңдаулы туындыларының көрмесін тамашалаумен жалғасты.
Мерекелік шарада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтап, елдегі ынтымақ пен бірлікті нығайтудың, татулық пен тұрақтылықты сақтаудың маңызына тоқталды. Жиында ел бірлігін нығайтуға қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстан өзбектері қоғамдық бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығының «Қоғам Белсендісі» төсбелгісімен марапаттады.
Салтанатты шарада өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар көпшілік қауымға концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ, мереке аясында Түркістан қаласындағы «Локомотив» орталық стадионда қазақстандық «Ордабасы» және өзбекстандық «Пахтакор» командаларының ардагер ойыншылары арасында жолдастық кездесу өтті. Айтулы шара отандық және өзбекстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»