Жексенбі, 07 Қазан 2018 14:57

Түркістан облысы: Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келіп кетті

«Бюджет қоржынын туризм кластерін дамыту арқылы толтыру қажет». Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Президент пәрмен берген межелі міндет аясында Арыстанбаб және Отырар төбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды.

Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи өлкені шетелдіктерге кеңінен таныстыру мақсатында Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келіп кетті. Министр сапарының негізгі мақсаты - Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Отырар қала жұртының сапар-орталығына» «аманат хат» капсуласын салу еді. 

Таяуда Отырар ауданында Арыстанбаб пен Отырартөбені жалғайтын нысандар салынбақ. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов мәртебелі қонаққа сол жобаларды егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл аумақта одан бөлек  әртүрлі нысандар бой көтермек. Этно-орталықта жоғары дәрежелі, 60 орындық қонақ үй және сквер салынатын болады. Нысандардың құрылысына қажетті қаржы бюджеттен бөлек, жеке инвесторлардан да тартылмақ. Осы нысандар пайдалануға берілгенде, туристердің киелі орынды кеңінен тануына мүмкіндігі артады деген болжам бар.

 «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 863 рет