Бүгінде Мөлке Шойманов ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты 90 пайызға аяқталған. Қазір құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар онда 150 адамға лайықталған көрермен залы мен 50 орындық кітапхана болатынын айтады. Көптен күткен жаңа нысан биыл тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Ал Ақтөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйі биыл шілде айында қолданысқа берілмек.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есімбектің айтуынша, қазір аудандағы Көксарай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Жаңа Шілік ауылынан 150 орындық мәдениет ошағының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындап, 2025 жылға ұсыну жоспарлануда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат