Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч – Америка азаматтары. Орта Азия елдері ішінде Түркістанға жиі келетіндерін жеткізді.
«Түркістан – Орта Азия мемлекеттері ішіндегі тарихқа бай, киелі мекендердің бірі. Біздің елдің азаматтары осы қасиетті қалаға жиі келеді. Біз Түркістан қаласы мен Ясауидің тарихынан хабардармыз. Қазақстанға, Түркістан өңіріне келгелі қазақ халқының қонақжайлығы мен дархандығына куә болдық. АҚШ-қа барғаннан кейін ондағы отандастарымызға осы құндылықтарыңызды жеткізіп, келесі жылы арнайы тағы ат басын бұрамыз», - деді Уильям Брэнч.
Аймақ басшысы облыс орталығына келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сондай-ақ Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
«Сіздерді қасиетті қаламыздың миллионыншы турисі болғандырыңызбен құттықтаймын. Бұл – біздер үшін қуаныш. Мәселен, дәл бүгін Түркістан қаласына келушілер саны 1 млн. адамға жетіп, өткен жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 57,2 пайызға артып отыр. Сонымен қатар өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі бағдарламалар даярладық. Алдағы уақытта келушілер саны тағы арта түседі деп жоспарлап отырмыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бұдан өзге орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында 543,7 млн. теңгеге жетіп, 2017 жылдың 6 айымен салыстырғанда өсу қарқыны 16,8 пайызға өскен. Сондай-ақҚазақстанның туристификациялау картасының республикалық маңызы бар үздік ондығы нысанына облыстан «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы енгізілген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.