Жексенбі, 10 Қараша 2024 20:59

Шымқала кештері жалғасып жатыр

Шілдеден басталған OPEN AIR форматындағы концерттік шара 8 бірдей мәдениет үйінде өтті. Соның бірі - Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы. Онда «Шымкент концерт» ұжымының әртістері өнер көрсетіп, көрерменге  көңілді күй сыйлады. 


Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру мақсатында өткізіліп жатқан  шара қаладағы аудандарды қамтуды қолға алған. Әр сенбі сайын өтетін жиын тұрғындардың сүйікті демалысына айналды десек, артық айтқанымыз емес. Бұл жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты пайдалы әрі ерекше өткізуге мүмкіндік беріп жатыр. “Шымқала кештері” – заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылықтың тоғысқан алаңы.
 Мәдениет пен өнерді дамыту ғана емес, сонымен қатар, тұрғындардың өзара араласуы мен әлеуметтік байланыстарын нығайту да бұл жобада көзделген. Мұндай кештер отбасылық және достық қарым-қатынасты да арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.
 

Шымқала кештері қаланың шалғай аудандарында өтіп, онда шымкенттік «Шымкент - Цирк», «Шымкент концерт» концерттік ұйымы, «Шымкент қалалық әзіл- ысқақ және сатира театры»

«Шымкент қалалық орыс драма театры»

«Шымкент қалалық қуыршақ театры» өнер көрсетті.

Оқылды 117 рет