Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен жыр додасына еліміздің бар аймағынан қатысқан 50-ден астам ақындардың ішінен іріктеліп 10 ақын қатысты. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастыруымен өткен республикалық мүшайраға елімізге танымал ақындар қазылық етті.
Қазылар алқасының құрамында:
1. Қазылар алқасының төрағасы, Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ғалым Жайлыбай
2. Ақын, ҚР Парламент мәжілісінің депуаты Қазыбек Иса
3. Ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлығының иегері Бауыржан Жақып
4. Ақын, Филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан
5. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр
Мүшайра қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:
* 150 мың теңгелік арнайы жүлде үш ақынға бұйырды:
* Асылбекова Жанылхан (Алматы облысы)
* Жұмағазина Әсем (ШҚО, Семей қаласы)
* Айманбетов Дәурен (Шымкент қаласы)
* Үшінші орынмен 300 мың теңге марапатын иеленген ақындар:
* Маржан Ершу (Атырау облысы)
* Тілеубергенов Достық (Қызылорда облысы)
* Төлбасы Балауса (Шымкент қаласы)
* Екінші орын және 500 мың теңгелік қаржылай сыйлық
* Тәбаракқызы Айжан (Астана қаласы)
* Мағиза Құнапияқызы (Алматы облысы) иеленді.
* Бірінші орын мен 700 мың теңге жүлде Түркістан облысының ақыны
* Ахан Сабыржанға бұйырды.
Бас жүлде, яғни 1 000 000 теңгелік сыйақы Алматы қаласының ақыны Иран Ғайыпқа табысталды.
Барлық жүлдегер ақындарды шын жүректен құттықтаймыз!