Спектакль махаббат, сатқындық және жастар арасындағы ажырасу мәселелерін бейнелей отырып, қоғамдағы терең өзгерістер мен құндылықтарды поэзия және музыка тілімен суреттейді.
Көрермендер қойылым арқылы адам жанының күрделі иірімдері мен терең ойлар әлеміне сапар шекті. Толғанысқа толы сахна мен ерекше поэтикалық мәтін қойылымның әсерлілігін арттырды.
Қойылым соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек құттықтау сөз сөйлеп, спектакльдің көркемдік жетекшісі Мөлдір Айдарқызы мен театр ұжымын шығармашылық табыстарымен құттықтады. Ол қойылымның қоғамдағы мәдени және рухани маңыздылығын атап өтті.
Пьесаның авторы, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы, театр ұжымына ризашылығын білдіріп, бұл шығармашылық ынтымақтастықтың өзіндік орны бар екенін жеткізді.
Шара барысында театр ұжымына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті атынан ықылас гүлдері табысталды.
Бұл поэтикалық толғау махаббаттың мәнін, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың нәзік те күрделі қырларын қайта саралауға түрткі болған маңызды мәдени оқиға ретінде есте қалды.