Бұл іс-шара жастар арасында патриоттық сезімді күшейту мен елдің болашағы туралы ой қозғау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» шығармасын талқылады. Бұл кітапта еліміздің тәуелсіздігі мен адамгершілік құндылықтары мәселелері терең қозғалады, сондықтан жастардың арасында ерекше қызығушылық туғызды. Талқылауға қатысқан әрбір жас кітаптың негізгі идеялары мен ұлттық рухты көтеретін тұстарын атап өтіп, өз ойларын ортаға салды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы шара барысында жастардың бойында патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жастардың тәуелсіз елдің болашағы үшін жауапкершілігі жоғары болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ол жастарды өзара пікір алмасуға, кітап оқуға және ой-өрістерін кеңейтуге шақырды.