Сейсенбі, 25 Ақпан 2025 21:55

Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық бірлікті нығайтып, әр халықтың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Байқау мынадай төрт кезеңнен тұрды:Ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән орындау, «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам» атты сахналық қойылым, «Ою – ұлт өнерінің айнасы» тақырыбындағы қолөнер таныстырылымы, Салт-дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беру. Қазылар алқасының шешімі бойынша:«Бірлік рухы» командасы – Бас жүлде, Татар-башқұрт мәдени бірлестігі – II орын, Славян этнос өкілдері командасы – III орын. Сонымен қатар, корей этнос бірлестігі «Үздік орындаушы» номинациясын иеленсе, өзбек ұлтының командасы «Ұлттық киім» аталымында үздік деп танылды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат

Оқылды 241 рет