Мерекелік бағдарлама аясында аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын 90 жылдық мерейтоймен құттықтап, Бәйдібектен шыққан өнер майталмандары Сұлтан Сраилов, Заттыбек Көпбосынұлы, Таңат Мамырхан және Батырхан Рыспанбетовке Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атағын табыстады. Сондай-ақ, ауданнан қанат қаққан белгілі сазгер Жарылқасын Дәулетовтің «Шаянды аңсау», ақын Ақмарал Леубаеваның сөзіне жазылған Заттыбек Көпбосынұлының «Бәйдібегім» әндері алғаш рет орындалып, тұсауы кесілді. Гала-концертті Бәйдібектен шыққан белгілі жүргізуші Жандос Асанұлы, Мұхтар Өскенұлы, Теміржан Сабыржанұлы жүргізді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»