Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 20:47

Түркістан облысы: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» - Арыс қаласында

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Арыс қаласына келді. 

Көшпелі керуеннің мақсаты:

- Арыс қаласы тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру; 

- Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу; 

- Мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы қатысты.

Басқосуды Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.

Аталмыш шарада Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары М.Бесбаев, облыстық дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы Д.Оспановтың, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханованың, Арыс қаласының «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Қ.Балқыбековтың және Ж.Байғуттиева атындағы өнер мектебі директорының орынбасары Т.Әбдіковтың баяндамалары тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1015 рет