Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2018 11:08

Келес ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

Түркістан облысына қарасты Келес аудандық мәдениет үйінде 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Қазақстан Республикасының әнұранымен бастау алған осынау мерекелік іс-шара Келес халық театры әртістерінің «Менің Елбасым» атты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан, қазіргі өміріне дейін қамтылған көрінісі қойылды. Салтанатты жиында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев келестіктерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы орасан зор екенін, Елбасыға деген ел құрметін айрықша айғақтауға, бұл меркенің дәстүрлі іс-шара екенін атап өтті.

Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, елдің белсеңді азаматтарына өзінің алғыс хатын табыстады. Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасқанын айта кетейік.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1300 рет