Мерекелік шараға мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Жиында «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры Гүлжанат Дүйсенбаева құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері ұлттық өнердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерін білдірді. Шара барысында дәстүрлі күй өнері мен ұлттық музыкалық мұра кеңінен насихатталып, өнерпаздар көрерменге әсерлі музыкалық тарту ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық өнердің үздік үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.Іс-шара ұлттық құндылықтарды ұлықтап, күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған тағылымды мәдени басқосу болды.
Қазақстанның ұлттық мұрасы мерекесі Жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда ұлттық мәдениеттің басты рәміздерінің біріне арналған Домбыра күні атап өтіледі. Домбыра тек музыкалық аспап қана емес, қазақ халқының тарихының, дәстүрлері мен рухани мұрасының маңызды бөлігі болып табылады.
Домбыра көптеген ғасырлар бойы қазақтармен бірге жүреді. Оның әуезді дыбыстарына халық әндері орындалды, аңыздармен тарихи оқиғалар жеткізілді, халықтың өмірін, мінезі мен дүниетанымын бейнелейтін әйгілі күйлер жасалды. Өзінің ерекше дыбысының арқасында домбыра Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады және әртүрлі ұрпақ өкілдері арасында сұранысқа ие болып қала береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат