Сенбі, 22 Маусым 2019 20:13

«Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

Түркістан облысындағы «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге Түркістан облысының ұлы тұлғалары - Әбу Нәсір әл-Фараби, ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы, күйші Сүгір Әліұлы, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, мәдениет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтерге қатысты түпнұсқа жәдігерлер мен Отырар қалажұртынан табылған археологиялық, нумизматикалық артефактілер және Арыстанбаб кесене-мешітінде 1930 жылдарға дейін болған мұсылман кітапханасының кітаптары, жалпы саны 62 дана жәдігер қойылды. Іс-шараға Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, оқушылар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 965 рет