Жұма, 14 Маусым 2019 18:03

Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына орай, Нұр-Сұлтан қаласында «Төле би» фильмінің тұсауы кесілді

Облыстың мақтанышы «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің бірлесіп түсірген «Төле би» телехикаясы өзінің тарихи салмағымен, мағыналық ауқымымен ерекшеленіп, көрерменді ұлтжандылыққа тәрбиелейді, төл тарихымыз бен ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге шақырады. 

Фильмде Төле бидің балалық шағынан бастап бүкіл қазаққа Төле би атанған қарт кезіне дейінгі өмірі толық қамтылады. Фильмде данагөй Төле бидің Тәуке хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай, Қабанбай батырларлар секілді замандастарымен үзеңгілес болып, өз елінің, өз жерінің қамын жеген қаншама іс-әрекеттері кеңінен баяндалады.

Телехикая 10 сериядан тұрады. Әр сериясы – 30 минуттан. Режиссері - Батырхан Дәуренбеков, продюсері - Нуриддин Паттеев, көркемдік жетекшісі - Сатыбалды Нарымбетов, сценарий авторы - Бақытжан Құлжабай, Шойбек Орынбай, қоюшы оператор - Фуркат Саипов, композитор - Руслан Шынықұлов. Басты рольдерде - Абзал Төлен және Сағындық Жұмаділов.

«Төле би» телехикаясынан кейін балаларға тегін қайырымдылық акциясы ретінде «Ордабасы – бірлік туы», «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы» анимациялық мультфильмдері көрсетілді.

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 702 рет