Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 16:57

Кентауда «Асыл әже» атты байқау ұйымдастырылды

Кентауда «Асыл әже» байқауы өтті. Түркістан облысы, Кентау қаласында жасы 60-тан асқан әжелер сахнаға шығып, түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, алдымен өздерін көпшілікке өлең жолдарымен таныстырған әжелер, екінші кезеңде ертегілер айтудан өзара бақ сынады.

  1. Әсем әндер орындап, құрақ көрпе тігіп көпшілікке ептіліктерін көрсетті. Ұлттық тағамдар дайындап, батырлар жырынан үзінділер оқыды. Ұл-қыздары мен немерелері, шөберелері әжелерімен бір сахна төріне шығып, өз өнерлерін паш етті. Көрермендерде әжелердің өнеріне қошемет көрсетіп, қолдап отырды. Әділ-қазылар алқасы әжелердің өнері мен сахна мәдениетіне, киім үлгісіне қарап баға берді.

Нәтижесінде жүлдегер атанған әжелер мен арнайы номинацияға ие болушылар бағалы сыйлықтарға ие болды. Қалалық әжелер алқасы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен байқауға Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын әжелер қатысты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1079 рет